2019 жылдың бірінші жартыжылдығында жүргізілген профилактикалық бақылау шараларының қортындысы

фото
       2019 жылдың бірінші  жартыжылдығында Еңбек, әлеуметтік  қорғау  және көші-қон  комитетінің Қызылорда облысы бойынша  департаментімен 20 әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне қатысты профилактикалық бақылау шаралары жүргізілді. Нәтижесінде 143  бұзушылық анықталды,оның ішінде  мүгедектердің  әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне  қолжетімділігі жағдайы бойынша -50, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрстеу заңнамасының орындалуы бойынша -69, мүгедектердің  жеке оңалту бағдарламаларының орындалуы бойынша -24. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы мерзімдері белгіленген 19 ұйғарым берілді. Бүгінгі күнге анықталған 143  бұзушылықтың 60-ы (42%) жойылды, қалған 83 бұзушылық белгіленген мерзімдерге сәйкес  ағымдағы жылдың соңына дейін жойылуы тиіс.
Қазақ