2018 жылдың қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы ақпарат

      Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментіне 2018 жылдың 12 ай қорытындысы  бойынша жеке және заңды тұлғалардан 1420 өтініштер келіп түскен, осы   жазбаша түрдегі 1420 өтініштің 820 жеке тұлғалардан, 600-і заңды тұлғалардан.  2018 жылы басшылықта жеке қабылдауда – 276 азаматтар болған.
         1420 – жазбаша өтініштің 28 - Еңбек, әлеуметтік қорғау көші-қон комитетінен, 8 – «Нұр Отан» ХДП, 26 – облыс әкімшілігінен,  232 - басқа органдардан, 526 -  түбіртек толтырылып тіркелген өтініштер, ТМД елдері арқылы жазбаша сұраныс хаттар – 600.
         Барық арыз – шағымдар уақытылы қаралып, заңда көрсетілген мерзімдерде жауаптары берілді.