Әлеуметтік қамсыздандыру мәселесі

фото
       Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Боранбаева Лиман Отарбайқызы «Nur Otan» партиясының Байқоңыр қалалық және Қармақшы аудандық филиалдарында өткен  дөңгелек үстел отырыстарына қатысты. Дөңгелек үстелде Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайту шаралары туралы ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2019 жылғы 26 маусымдағы №34 Жарлығында аталған өмірлік қиын жағдайда қалған азаматтарының борыш жүктемесін азайту және уақытылы көмек көрсету мәселесі талқыланды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауынан туындаған мәселелер түсіндірілді. Дөңгелек үстел отырысының соңында партия филиалдарының қабылдау бөлмесінде тұрғындарға жоғарыда аталған мәселелер қосымша түсіндіріліп өтті.
Қазақ