Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші – қон комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінде алқа мәжілісі өтті

фото
       2019 жылдың 4 қазанында Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші – қон комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінде «Департаменттің 2019 жылдың 9 айлық қортындысы бойынша атқарылған жұмыстары туралы»   тақырыбында алқа мәжілісі өтті.
       Алқа мәжілісін алқа төрағасы, департамент басшысы Т.Жолымбетов кіріспе сөзімен ашып, Департамент басшысының әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы Ф.Едигеева, медициналық – әлеуметтік сараптаманың әдіснама және бақылау бөлімі басшысы Г.Алтынбасованың,  Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің басшысы – Әдеп жөніндегі уәкіл Б.Накиповтың 2019 жылдың 9 айдың қорытындысы бойынша атқарған жұмыстары туралы баяндамалары тыңдалды.
Қорыта келе, Департамент  басшысы Т.Жолымбетов қаралған мәселелердің әрқайсысының маңыздылығын атап өтіп, алдағы кезеңге қызметтің негізгі бағыттарын іске асыру бойынша міндеттер қойды.
        Талқылау барысында, департамент басшысы түрлі сұрақтар төңірегінде қызметкерлермен пікір алмасып, көрсетілетін мемлекеттік қызметтермен жұмыс сапасын жақсарту, департамент мамандарына жеке және заңды тұлғалардың өтініштерді қарау барысында ҚР Заңнамаларына сәйкес жауап берілуін және сыбайлас жемқорлықты алдын-алу мақсатында тиісті жұмыстар жүргізілуін қатаң тапсырды.
Қазақ
ТіркемеКөлем
Image icon фото110.73 KB
Image icon ФОТО131.85 KB
Image icon IMG-20191009-WA0001.jpg111.82 KB
Image icon IMG-20191009-WA0002.jpg116 KB