Аудандарда мемлекеттік қызмет көрсету

      №2 медициналық–әлеуметтік сараптама бөлімі белгіленген кесте бойынша 2019 жылдың шілде айында Қармақшы, Жалағаш, Сырдария аудандарында көшпелі отырысын өткізді. 
       Қармақшы ауданында мемлекеттік қызмет көрсетілгендер саны - 39, оның ішінде 6 алғаш рет мүгедек болып танылды (оның ішінде 3 мүгедекке  композиттік қызмет көрсетілді ), ал 18 мүгедек қайта куәландырудан өтті (оның ішінде 1 мүгедек толық оңалтылды, 2 мүгедек жартылай оңалтылды). 15 мүгедекке ОЖБ әзірленді. Барлық мүгедектерге мұқтаждығына сәйкес әлеуметтік және кәсіптік бағытта оңалтудың жеке бағдарламасы әзірленді.
        Жалағаш ауданында мемлекеттік қызмет көрсетілгендер саны – 23, оның ішінде 1 алғаш рет мүгедек болып танылды, ал 17 мүгедек қайта куәландырудан өтті (оның ішінде 1 мүгедек толық оңалтылды, 1 мүгедек жартылай оңалтылды). 5 мүгедекке ОЖБ әзірленді. Барлық мүгедектерге мұқтаждығына сәйкес әлеуметтік және кәсіптік бағытта оңалтудың жеке бағдарламасы әзірленді.
        Сырдария ауданында мемлекеттік қызмет көрсетілгендер саны – 27, оның ішінде 4 алғаш рет мүгедек болып танылды (оның ішінде 3 мүгедекке композиттік қызмет көрсетілді ), ал 18 мүгедек қайта куәландырудан өтті (оның ішінде 1 мүгедек толық оңалтылды, 1 мүгедек жартылай оңалтылды). 5 мүгедекке ОЖБ әзірленді. Барлық мүгедектерге мұқтаждығына сәйкес әлеуметтік және кәсіптік бағытта оңалтудың жеке бағдарламасы әзірленді.
        Сонымен қатар, үш ауданда жиі және ұзақ ауыратын 8 науқасқа мүгедектік белгілерін анықтау мәселесі бойынша кеңес берілді. ДКК төрайымдарымен бірлесе отырып,  2019 жылдың 6 ай қорытындысы бойынша алғаш рет мүгедектік тағайындау көрсеткіші бойынша сараптау жасалды, МӘС-ке стандартқа сәйкес толық тексеру нәтижелерімен жолдау туралы ескертілді.
Қазақ