« Ашық есік »күн өткізілді

фото
           «NurOtan» партиясының ұйымдастыруымен  партияның аймақтық және  аумақтық филиалдарының қоғамдық қабылдау бөлмелері жанынан ашылған «Халыққа көмек» біріңғай әлеуметтік терезе жобасы халыққа өз қызметін көрсетуде. Осыған сәйкес, бекітілген кесте бойынша  үстіміздегі  жылдың маусым айында  «NurOtan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы, Қызылорда облысының  Жұмыспен қамту және  әлеуметтік бағдарламалар басқармасы және  Еңбек, әлеуметтік  қорғау  және көші-қон комитетінің Қызылорда облысы бойынша  департаменті  өклідерінің  қатысуымен  «Ашық есік»  күн өткізілді. Жеке  қабылдау барысында шараға қатысқан  мекеме өкілдері 11 азаматтарға  әлеуметтік қамсыздандыру сұрақтары бойынша және барлық қосымша қызықтырған сұрақтарына  егжей-тегжейлі жауаптар мен кеңестер берілді.
Қазақ