Мемлекеттік қызмет көрсетуді жаңғырту

         Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 «Әлеуметтік – еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» бұйрығына және 2015 жылғы 28 мамырдағы № 407 бұйрығымен бекітілген « Халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік қызметті көрсету регламенттерін бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген стандарт пен регламентке сәйкес Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық департаменттерімен мемлекеттік қызмет алу

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдерінің 2019 жылдың 6 айында атқарылған жұмыстары туралы мәліметі

      2019 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша Қызылорда облысында  «Мүгедектердің орталықтандырылған деректер қоры» ақпараттық жүйесі негізінде  барлығы 30008 мүгедек тіркелген. Оның ішінде I- II топ мүгедектері 14149 адам- 47,2%,  III топ мүгедектері-11345 адам-37,8%, 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар-4514-15,0%.